Қазақстан мұғалімдері TikTok-қа видео түсіріп, iPhone 15 ұтып ала алады

Қараша 1, 2023 - 12:30
Қазақстан мұғалімдері TikTok-қа видео түсіріп, iPhone 15 ұтып ала алады

Оқу-ағарту министрлігі ұстаздар арасында TikTok желісіндегі үздік видео үшін байқау жариялады. Бас жүлде - iPhone 15 смартфоны, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға TikTok-та аккаунты бар немесе ашуға ниетті барлық мектеп ұстаздары, колледждер мен жоғару оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. 

«Осы жылдың 1 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында өтетін байқау кезінде педагогтер қысқаша танымдық бейнероликтерді жүктеп салуы қажет. Бейнематериалдардың ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы тиіс және оларды жариялау кезінде #қазақстанмұғалімдері немесе #учителяказахстана байқау хэштегтерін қолдану қажет», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Байқаудың басты мақсаты – әлеуметтік желідегі ғылым мен білім контентін көбейтіп, елдегі білім мазмұнына қызығушылық арттыру. 

«Осы жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтері жастарға, түрлі жастағы интернет пайдаланушыларға өз білімдерін  қызықты етіп көрсете алады деген үміттеміз. Бір қуантарлығы, педагогтер шет қалмай, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауда онлайн платформаларды өз игілігіне пайдаланып жатыр. Қазірдің өзінде Қазақстандағы TikTok трендтерінде  дарынды мұғалімдер көп. #ҚазақстанМұғалімдері бастамасының мақсаты – көп педагогтерді білім беруде жаңа шығармашылық әдістерді ашуға шабыттандыру, оқудың қызықты әрі көңілді екенін көрсету», - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Байқауға қатысатын ұстаздар төрт номинация бойынша жүлде алады:

• «ТикТок мұғалімі 2023». Мектептер мен колледждердегі мұғалімдерге арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз бола алады.

«ТикТок оқытушысы 2023». Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз болады.

 • «ТикТоктағы жаңалық». Байқау аясында жарияланған роликтерінің барлығы бойынша ең көп қаралым жинаған мұғалім жеңімпаз атанады. Оған мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

•«Үздік бейнеролик». Байқау аясында жасалған бейнеролигі ең көп қаралым жинаған оқытушы жеңімпаз атанады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow