Қазақстанда балабақша кезегін тіркейтін бірыңғай база пайда болады

Қазан 20, 2023 - 16:10
Қазақстанда балабақша кезегін тіркейтін бірыңғай база пайда болады

Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Премьер-министрдің қатысуымен өткен жиында баланы  балабақшаларға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы таныстырылды. Ол ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған.

«Атап айтқанда, Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін бірден 4 балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылауға болады. Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта өтеді», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow