«Талғардағы қайғылы оқиғаның бейнежазбасы өшірілді»: Полиция мәлімдеме жасады

Полицияның айтуынша, жазбалар қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелген

Қазан 9, 2024 - 10:23
Қазан 9, 2024 - 11:01
«Талғардағы қайғылы оқиғаның бейнежазбасы өшірілді»: Полиция мәлімдеме жасады
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысы полициясы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып,  мәлімдеме жасады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Полицияның айтуынша, жазбалар қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелген

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазба полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», - деді полициядан.

Бейненің бар екенін растау үшін скриншот қоса берілген. 

Бұған дейін жасөспірімнің әкесі дүкенде тұрған видеоны полиция алып кетіп, жойып жібергенін айтқан еді. 

«Біздің дүкенде тұрған видеоны алады да, өшіріп тастаған. Видео жоқ дейді. Ойлаңдаршы, осы әділдік пе? Ол видеода магазинге кірген қылмыскерлер бар. Соны өшіріп тастаған. Мен сіздерге видеоны көріп, қылмыскерлердің әрқайсысын көрсете алам деймін. Енді кімге сенейін. Айтыңыздаршы. Қосыңдаршы десем, видеоны өшіріп отыр. Не үшін шықпаймын? Балам үшін шығып отырмын. Мен өлсем өліп кетейін, басқа жасөспірімдер мерт болмасын», – дейді марқұмның әкесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow