Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті
Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының сайтындағы Сот кабинетінде жарияланды.
ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының сайтындағы Сот кабинетінде жарияланды.
Ақпаратқа сәйкес, істің басталуы бүгін, яғни 2024 жылдың 26 ақпанына белгіленген. Ол Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
Айыпталушылар тізімінде Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов тұр. Іс материалдарымен танысуға тырысқанда «бұл іс жариялау үшін жабық» деген жазба шығады.
Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?