«Бекболат Тілеухан жұртқа өнеге болатын адам емес» - Қалдыбек Құрманәлі

Ол жат ағым жетегінде жүр. Оның діни ұстанымын қолдамаймын.

Ақпан 26, 2024 - 16:48
Ақпан 26, 2024 - 16:55
«Бекболат Тілеухан жұртқа өнеге болатын адам емес» - Қалдыбек Құрманәлі

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі Бекболат Тілеухан қазақ қоғамына үлгі алатын азамат бола алмайтынын айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Қасқа жол» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Композитордың айтуынша, Бекболат Тілеухан өнер саласында әжептәуір биікке шыққан әнші. Бірақ біреулердің әсерімен басқа ағымға түсіп кетті. «Ол жерде үлкен ақша», - дейді композитор.

Қалдыбек Құрманәлі кезінде өзін де жат ағым жолына тартқысы келгендер болғанын айтады. Есебіне әжептәуір ақша уәде еткен.

«Өзімді де тартпақшы болды. Алматыда пәтер жалдап, қиналып жүрген кезімде үлкен ақша ұсынды. Арымның алдында ұялатынымды білдім. Бекболат Тілеуханов өз саласында биікке шыққан. Мұхамеджан Тазабеков айтыстың биігіне шыққан. Керемет азаматтардың бәрі ақшадан қиналып жүрген кездер болды. Үйі жоқ, Алматыдан пәтер жалдап тұрды. Мен көрген қиындықты олар да көрді. Сол қиындыққа шыдай алмай, «... онда тұрған не бар, бұл да дін ғой, Ислам дінін насихаттап жатырмыз ғой» деп кіріп кетті. Шын мәнінде салафиттердің мемлекетке қауіп төндіретінін, дұрыс еместігін білмеді. Бекболат Тілеухан қазір жат ағым жетегінде жүр. Ол діннің басқа ағымы ғой. Оның алып келіп отырғаны - діннің басқа ағымы. Оның діни ұстанымын қолдамаймын. Мені қателесіп отыр деп айтуы мүмкін. Өткенде Құран ұстап отыр. Қандай арзан қойылым?!», - дейді ол.

Сондай-ақ, сұқбат барысында композиторге «Бекболат Тілеухан 4 әйелді қатынқұмарлықтан алды ма» деген сұрақ қойылған.

«Бекболат деген кім? Сондай адам бар екен, ол өмір сүріп жатыр. Өзіне ұнаса, солай өмір сүре берсін. Бірақ, Бекболатты өнеге ретінде алуға болмайды. Қатынқұмарлығы ма, 4 әйел алды ма оны өнеге ретінде алмау керек. Өзіне ұнаса тағы төртеуін алсын. Маған десе, әртүрлі ұлттан тұқым алмастырып көрсін. Арғын мен беларусьтің, арғын арабтың, арғын мен негрдің қыздарынан қандай бала туытынын көріп, ғылыми зерттеу жасағысы келсе, жасасын. Бірақ, дәл қазір Бекболат Тілеухан дәл қазір қазақ ұлтына өнеге болатын адам деп қабылдамаймын. Ол өз тағдырымен жүрген адам», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow