Астана әуежайында өрт шықты

Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері өртенген.

Ақпан 27, 2024 - 09:13
Ақпан 27, 2024 - 09:14
Астана әуежайында өрт шықты

Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болған. Қазір эвакуация жүргізіліп жатқаны айтылады.

Министрлік сағат 08-24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow