Семейдегі сауда үйіндегі алапат өрттен Құран тұрған бутиктер ғана аман қалған

Дүкеніміздің бастығы жұбайымен намазхан жандар.

Ақпан 9, 2024 - 12:36
Ақпан 9, 2024 - 12:48
Семейдегі сауда үйіндегі алапат өрттен Құран тұрған бутиктер ғана аман қалған

Семей қаласындағы «Ақшың» сауда үйіндегі алапат өрттен санаулы ғана бутиктер аман қалған. Олар жай бутиктер емес, төрінде әрдайым Құран кітабы ілініп тұратын сауда орындары болған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Кешеден бері желіде осындай ақпарат тарап жатыр. Алапат өрттен кейін түсірілді делінген мына видеодан санаулы ғана бутиктің жанбай аман қалғаны айтылады. Айтуынша, бұл тегін емес.

"Дүкеніміздің бастығы жұбайымен намазхан жандар. бес уақыт намазын тастамай, әрдайым садақа беріп, жұмысын Алла жолында адал жасап жүрген адам.Тіпті бутиктың ішінде де Құран оқып отыратын. Қастерлеп дүкеніміздің төріне қойып қойған. Келген әр тұтынушымыз жоққа шығармайды! Бастығымыздын ақ жүрек, кең пейілінің арқасы деп білеміз.Әрине барлығы АЛЛАНЫҢ қалауымен!
Сәйкестік деуге келмейді, сауда үйінің қалған бөліктерінің тек қана күлі қалған.Тек біздің астымыздағы және жанымыздағы 3-4 бутик жанбаған екен. Бүгін өз көзімізбен барып көрдік, видеода барлығы айтылған. Бірақ,товар жарамсыз, яғни, күйік басқан! Азғантай бөлігін ғана қалпына келтіруге болады. Ішін түсіруге рұқсат бермеді! Әртүрлі нұсқада әңгіме-сөздер тарап жатыр. Қиын сәтте ауыр сөздің қажеті жоқ деп білемін! Ешкімнің сөзіне сеңбеңіздер",- делінген жазбада.

Видео жазда аталмыш дүкеннің ресми парақшасында жарияланып отыр. 

Естеріңізде болса,  6 желтоқсан күні  Семейдегі «Ақшың» сауда үйінде өрт шыққан еді. Таңертең басталған өрт кешкі тоғыздар шамасында бірақ ауыздықталды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow