Қарағандыда қаза тапқан барлық кеншінің денесі табылды

Қазан 30, 2023 - 10:39
Қараша 10, 2023 - 00:53
Қарағандыда қаза тапқан барлық кеншінің денесі табылды

Қарағанды қаласы Костенко атындағы шахтада жарылыс кезінде қаза тапқан барлық кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. 

"Жарылыс кезінде шахта астында қалған қырық алты кеншінің денелері түгел табылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні түнде Костенко атындағы шахтадааумағы 2 шақырымға жеткен үлкен жарылыс болды. Апат 46 кеншінің өмірін қиды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күні Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Оқиғадан кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Қазақстан үкіметінің басқаруына көшеді деген мәлімдеме жасалды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow