«Ұлттық қор – балаларға»: алғашқы болып төлем аударылатын балалардың тізімі бекітілді
Тізімде 7 миллионға жуық бала бар.
![«Ұлттық қор – балаларға»: алғашқы болып төлем аударылатын балалардың тізімі бекітілді](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202401/image_870x_65a62f0701752.jpg)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл төлем аударылатындардың тізімін бекітті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz
БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, арнайы комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін жасап шыққан.
«Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар», — деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Тізім 1 ақпан күні жарияланады. Ұлттық есебінен аударылған бұл жинақты азаматтар екі мақсатта пайдалана алады. Тұрғын үй алуға немесе оқу ақысын төлеуге болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)