«Қол қоя алмаймын»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты

Қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.

Қараша 22, 2024 - 15:47
«Қол қоя алмаймын»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты

Қарашаның 21-і күні Димаш Құдайберген Прагада "Stranger" гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO TV чех телеарнасының студиясына шақырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарламаны жазуды бастамас бұрын Димаш телеарна студиясының жанында жанкүйерлерімен кездесті. Өнерпаздың жанкүйерлері сүйікті әртісін қарсы алуға алдын ала жиналған болатын. Әуел бастан Димаштың концерттерін мүлт жібермейтін Dears пен осы қауымдастыққа біртіндеп қосылып келе жатқан басқа да жанкүйерлердің арасында чех, қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай және басқа да ұлт өкілдері болды.

Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.  

“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.

Бағдарлама басталар алдында Димаш жанкүйерлерімен сөйлесіп, қолтаңбасын беріп, сүйікті жанкүйерлеріне ыстық жүректен шыққан өз сүйіспеншілігін жолдады.

"Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз. Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Құдай әрқайсыңызға разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жаттқан Аллама сансыз шүкірлер айтамын! Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше", - деді Димаш.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow