Ақтөбеде түрмеге адам сыймай жатыр
Ақтөбедегі 700 орындық №8 түрмедегі сотталушылардың саны 900-ге жеткен. Десе де колония басшылары бәріне бірдейжағдай жасап отырғандарын айтады. Бұл туралы Sadаqmedia.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер тілшілерге жабық мекеменің жай-күйімен танысуға рұқсат берді. Мекеменің ішінде телефон қолдануға болмайды. Тілшімен тілдескен сотталушылардың айтуынша, олардың ешқандай шағымы жоқ.
“Мекемеде үш мезгіл тамақтандырады. Аптасына бір рет моншаға түсіреді. Аптасына төсек жабдығын ауыстырғызады, өздері береді. Мекемеге прокуратура, КУИС, ДУИС-тан келіп, осында тексеріс жүргізеді. Ешқандай арыз-шағымымыз жоқ”, – дейді сотталушы.
№8 мекеме ел арасында “алтынша түрме” деп аталып кеткен. 1957 жылы салынған түрме 700 жадамға арналғн. Бірақ соңғы жылдары сотталғандар саны көбейіп, бүгінде екі жүз адам артық орналасқан. Бірақ барлығының қарны тоқ, тұрмыс жағдайы жақсы дейді түрме басшылары. Ал шағымданғандар, ауыр қылмыс жасап, ережеге бағынудан бас тартқандар және қосымша жаза арқалағандар арнайы камераға оқшауланған екен.
“Шағым берушілер, негізі қатаң түрдегі жасақтағы сотталғандар біздегі қатаң түрдегі оқшаулаған соң, шағымдану болған. Тұрмыстық қажеттілік қарастырылған, жасақ ішінде. Қазір ештеңе қажет етпейді”, – дейді Ақтөбе облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Алпысбаев.
Мекемедегі 300-ге тарта жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Киім тігеді, ағаштан түрлі бұйым жасап жалақы алады. Енді қалған 600 адам қамауда бос отырмау үшін кәсіпкерлерді түрмеден кәсіп ашуға шақырып жүр.
“Арнайы киімдер тігеміз. Біреулер пішілген матаны көктеп жатса, біреуі астарын тігеді. Әркімге жүктелген тапсырма бар. Айлығыма керек-жарағымды аламын. Негізінен темекі, шай, азық-түлік сатып аламын”, – дейді сотталушы Валерий Шатраво.
Түрмеде жазасын өтеушілер сауда жасайтын дүкен де бар екен. Алайда басшылар ондағы тауарлар мен мекемедегі асхананы көрсетуден бас тартты.
Сіздің реакцияңыз қандай?