«Ер мен әйел теңелген кезде дүниенің шырқы бұзылады» – Зейнеп Ахметова
Феминистер ортаға шығыңдар.
Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова ер мен әйелдің мүлде тең емес екенін айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Ер мен әйел теңелген кезде дүниенің шырқы бұзылады. Құдайдың өзі екеуін екі әлем қылып жаратқан. Екеуі бірігіп бір бүтін болып ұрпақ өрбітеді. Екеуміз теңбіз, бір баланы сен ту, бір баланы мен туайын демейді ғой. Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық. Оның бүкіл дене құрылысын былай қойғанда ойы мен санасы, ішкі жан дүниесі адамзат алдында атқаратын міндеті барлығы бөлек. Сондықтан еркек әйел боламын, әйел еркек боламын деп тыраштанбасын. Әрине, бұл әйел ғалым болмауы керек, әйел қызметте істемеуі керек деген сөз емес».
Ал желі қолданушылары болса батырдың келіні айтқан сөзді бір ауыздан қолдай кетті.
«Зейнеп әжеміздің әрбір сөзі алтын ғой, мың жасаңыз!», «Осындай әңгімені көп айтыңыздар», «Феминистер ортаға шығыңдар», «Апам ұққан адамға дұрыс айтты», - деп пікір жазғандардың қарасы көп.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?