Медеуде екі адам бір-бірін балталап тастай жаздады (ВИДЕО)

Мамыр 29, 2024 - 10:39
Мамыр 29, 2024 - 10:40
Медеуде екі адам бір-бірін балталап тастай жаздады (ВИДЕО)

Желіде Алматыда "Медеу" мұз айдынының маңында болған төбелестің видеосы тарады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

 Instagram желісіндегі 100baksoff__videos парақшасында жарияланған кадрлардан екі ер адамның төбелесі бейнеленген. Ең сорақысы біреуінің қолында балта болған. Бір мезетте олардың бірі құлап түседі. Жан-жағындағылар жедел жәрдем шақыра бастағанын байқауға болады

Аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелескен азаматтар бір-бірімен таныс болып шықты. "Балтаны қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан екі азамат та ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - деп жазылған хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 100BAKSOFF_VIDEO (@100baksoff__videos)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow