Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.
Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары»мұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Сіздің реакцияңыз қандай?