«Балаға Көтібар деген ат қою керек»: Блогер ата-аналарға ақыл айтты (ВИДЕО)

Қараша 22, 2024 - 17:36
«Балаға Көтібар деген ат қою керек»: Блогер ата-аналарға ақыл айтты (ВИДЕО)
Фото: Pixabay.com

Блогер Берекет Берсін балаға есім қойғанда мағынасына қарау керектігін айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Берекет Берсін деген есімінің мағынасын оқырмандарына талдап берді. 

"Кө*т деген қазақтың сөзі. Жалпы кө*т деген сөз мықты рух, дух деген мағына береді. Оны баяғыда қазақ «Көңілсіз төсектен, кө*тсіз бала туылады» деп айтып кеткен. Көтібар батырдың атын рухты болсын деп, әдейі қойған. Сол үшін баланың атын қоярда, мән беріп қою керек. Адамның аты қандай, өмірі де сондай болады. Мысалы, менің атымды мен өмірге келмей тұрып, анам құрсақ көтермей тұрып, әжем анама «ертең ұл туасың, есімін Берекет қоясың, отбасыға берекет кіреді» деп айтып кеткен. Шүкір содан өмірім берекелі. Сондықтан, баланың атын Берекет, Көтібар деп өте әдемі ат қойыңдар!", - деді ол.

Желі қолданушылары блогердің бұл ойына қарсы шығып, оны келекеге айналдырды.  

"Інім, оух пен кө*тті қоспа. Қазіргі заманның жастары Көтібарды түсінбейді. Олай балаға обал жасамаңдар, өз балаңды мазақ қылғың келмесе", "Онда сенің апаң есіміңді “Кө*т”-деп қоймаған,рухың мықты екен", "Сен кө*тсің онда", деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bereket Amandykov (@bereket_bersin)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow