Қазақстан паралимпиада ойындарында медаль саны бойынша өз рекордын орнатты
Паралимпиада спортшылары жеңген 9 жүлденің екеуі алтын, үш күміс, 4 қола медаль бар.
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алып, рекорд орнатты.
Бүгін жарыстың соңғы күні.
Париждегі дүбірлі додада қазақстандық спортшылар медаль саны бойынша өз рекордын жаңартты. Бұған дейін паралимпиадашылар жазғы не қысқы ойындарда 1 алтыннан артық ұтпаған.
Паралимпиада спортшылары жеңген 9 жүлденің екеуі алтын, үш күміс, 4 қола медаль бар.
Алтын медаль жеңгендер:
Давид Дегтярев – пара пауэрлифтинг;
Ақмарал Науатбек – пара дзюдо.
Күміс медаль жеңгендер:
Еркін Ғаббасов – пара нысана көздеу;
Нұрдәулет Жұмағали – пара жүзу;
Ерғали Шамей – пара дзюдо;
Қола медаль жеңгендер:
Даяна Федосова – пара дзюдо;
Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетика;
Зарина Раифова – пара дзюдо;
Жұрқамырза Шүкірбеков – пара дзюдо.
Сіздің реакцияңыз қандай?