«Сенім жоғалды»: Головкин ҰОК Бас хатшысын қызметінен босатты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады", - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Жанар Өтешева биыл ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. Ол 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR кеңесшісі және менеджері болып қызмет атқарады.
Сіздің реакцияңыз қандай?