«Ұлымды атып өлтірді»: Маңғыстау полигонда көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (ВИДЕО)

Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды.

Қыркүйек 8, 2024 - 17:14
Қыркүйек 8, 2024 - 19:00
«Ұлымды атып өлтірді»: Маңғыстау полигонда көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (ВИДЕО)
Ulysmedia коллажы

Маңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасап, қорғаныс министрінен істің толыққанды тергеуді сұрады, деп хабарлады Stan.kz.

Марқұмның әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған. Сол кезде абайсызда тапанша атылып кетіп, оқ сарбаздың бетіне тиген. 

"Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады. 

"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаздың көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow