Экс-президент Назарбаевтың Өзбекстанда жүрген видеосы тарады

Назарбаев Өзбекстанға барып, Мирзияевпен кездесті

Қыркүйек 8, 2024 - 12:29
Қыркүйек 8, 2024 - 12:30
Экс-президент Назарбаевтың Өзбекстанда жүрген видеосы тарады

Кейінгі екі жылда жұрт алдына сирек шығатын Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды. Қазақстанның бұрынғы президенті 6 қыркүйек күні Бұхарада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездескен, деп хабарлады Азаттық радиосы. 

Өзбек баспасөз құралдары мұны "бейресми" кездесу деп атап жатыр. Ozbekiston-24 телеарнасы өз эфирінен Мирзияев пен Назарбаев ортағасырлық тарихи орындарды аралап жүргенін көрсеткен.

Сапардың мақсаты айтылмады. Бірақ кейбір басылымдар Назарбаев Бұхараға "ежелгі архитектуралық ескерткіштерді" аралау үшін барды деп жазды.

Назарбаевтың ресми сайты оның Өзбекстанға сапары жайлы ешқандай хабар таратқан жоқ. Сайттағы кейінгі жаңалық 2023 жылғы 12 желтоқсанда шыққан. Ол кезде экс-президент "Астана клубының" отырысына қатысып, әлемдегі қақтығыстарды шешуде өзара ымырашылдықтың маңызы жайлы айтқан.

Өзбекстан президентінің сайтында да Мирзияев пен Назарбаев кездесуі жайлы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow