Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінен қанша табыс табатыны белгілі болды

Шілде 12, 2024 - 16:09
Шілде 12, 2024 - 16:27
Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінен қанша табыс табатыны белгілі болды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 14 шілдеде өтетін жекпе-жектен қанша қаржы табатыны белгілі болды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Sportysalaries cайтының мәліметінше, Жәнібек алдағы жекпе-жегі үшін 167 млн теңге алады. Ал қарсыласы 95 млн теңгеге ие болады. Бұдан бөлек екі боксшыға да бонустар мен демеушілер тарапынан сыйақы берілуі мүмкін.  

Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Кеше жекпе-жек алдындағы көз түйістіру, БАҚ өкілдерімен кездесу сынды рәсімдер өтті. Кездесуде боксшымыз  WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғайды. Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін «әлем жылдың үздік нокаутын көреді деп мәлімдеген еді.  

Айқас Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасында өтеді. Кәсіпқой бокс кешін 14 шілде күні сағат 06:00-де «Qazsport» және 07:00-де «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow