Зорлық белгілері бар: Тараздағы пәтерлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды
Halyqstan telegram-каналының мәліметінше, 7 қарашада кешқұрым Тараз орталығындағы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Қайтыс болған әйелдер Алматы мен Тараз тұрғындары. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?