680 млн теңге жымқырған: Алматыда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Ақпан 19, 2024 - 15:41
Ақпан 19, 2024 - 15:49
680 млн теңге жымқырған: Алматыда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қамауға алынды. Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінген. 

«Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

«Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз 4,9 млн теңге жалақы төлеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow