«Жексұрын, албасты»: әлеуметтік желіде қарағандылық тәрбиешінің балаларды балағаттаған видеосы тарады (ВИДЕО)
Қарағандыдағы «Лесок» жеке балабақшасының тәрбиешісі әріптесіне жолдамақ болған бейнежазбаны байқаусызда ата-аналар чатына жіберіп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Egov.Press-ке сілтеме жасап.
Видеода тәрбиеші балаларды қалай отырғызу және тамақтандыру керектігін түсіндірмек болған. Бейнежазбада ол бүлдіршіндерді балағаттап, оларды үстел басына қинап отырғызып қойған.
«Жүргізбе. Екеуін туалетке апарып отырғызып қойдым. Гүлмира қара, мына жай жеп отырғандарға жанын шығарып отырып, тамақ беріп қой. Бұлар жүгіріп тоқтамайды. Күшпен отырғыз. Үйретіп ал. Тұрғызба! Сергіту сағаты, музыка қойма. Бұлар дым да білмейді. Мына жексұрын, отыр дегенге жүгіріп барып отыра қалды. Мына албасты әлі отыр, жылап-жылап алып», - дейді тәрбиеші бейнежазбада.
Сіздің реакцияңыз қандай?