«Педофилияның пропагандасы»: белгілі заңгер орамалға қолдау білдірген бас мүфтиді сынға алды

Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!

Қыркүйек 4, 2024 - 14:36
Қыркүйек 4, 2024 - 14:37
«Педофилияның пропагандасы»: белгілі заңгер орамалға қолдау білдірген бас мүфтиді сынға алды
alash.kz

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек орамал мәселесіне қолдау білдірген Бас муфтиге қарсы шықты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, бас мүфтидің бұл сөзі ашықтан-ашық педофилияның пропагандасы. 

«Бас мүфти, сіз педофилизмді қолдайсыз ба?
«Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек»,  депсіз! 
Әдетте қыз балаға  хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап ,  балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады. 
Негізінде қыз балаларға  9 жастан еттекір келеді. 
Ал шариғат заңы бойынша еттекір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығу керек!
Біздің ел жәйлап Ауғаныстанға айналып бара жатыр!
Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой!
Біз сонда шариғат заңымен жүру керекпіз бе?

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев  біздің мүфтиді тергеп тексеріңдер! 
Шариғатпен жүргісі келсе, Ауғаныстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен!
Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!», - дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.

Естеріңізде болса, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы парламент палаталарының бірлескен отырысында никабқа қатысты пікір білдірген еді.

«ҚМДБ - ислам дінін насихаттаушы орталық. Никаб деп бетті тұмашалайтын киімді айтады. Біз оған қатысты мәлімдеме жасаған едік. Шариғат никабты міндеттемейді. Біз оны осыған дейін де айттық. Оны заң бойынша қалай реттейтіні бізге қатысты емес. Біз өз насихатымызды жүргіздік. ҚМДБ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықтың пайдасына шыққан кез  келген заңға біз бағынамыз. Балиғат жастағы, Аллаға сенген кез келген қыз баланың орамалмен жүруін шариғат міндеттеген. Сондықтан балиғат жастағы қыз бала орамалмен жүруі керек. Біз оны осыған дейін де айттық. Намаз оқитын қыз бала орамалмен жүргісі келеді. Оның құқығы неге шектелуі керек?», - деп атап өткен болатын Бас мүфти.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow