«Жарты бағасына салып береміз»: Қазақстандағы АЭС дауына Қытай араласты

Екі энергоблоктан тұратын атом электр станциясын 5,6 миллиард долларға салу туралы сенсациялық ұсыныс жасады. Бұл Түркияда «Росатом» жүзеге асырып жатқан ұқсас жобадан екі есе арзан.

Тамыз 29, 2024 - 10:46
Тамыз 29, 2024 - 10:47
«Жарты бағасына салып береміз»: Қазақстандағы АЭС дауына Қытай араласты

Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанға екі энергоблоктан тұратын атом электр станциясын 5,6 миллиард долларға салу туралы сенсациялық ұсыныс жасады. Бұл Түркияда «Росатом» жүзеге асырып жатқан ұқсас жобадан екі есе арзан болып отыр. 

CNNC жобасы build-operate-transfer (BOT) схемасын пайдалана отырып, нысанды бес жылдан кейін тапсыруды көздейді. Қазақстандағы жобаның бастапқы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған, кейінірек бұл көрсеткіш 15 миллиард долларға дейін көтерілді. Ал Түркияда салынып жатқан «Ақкую» АЭС жобасы 24-25 миллиард долларға бағаланды.

CNNC-мен қатар, жоба құрылысы конкурсына корейлік KHNP компаниясы, ресейлік «Росатом» және француздық EDF қатысып жатыр. АЭС құрылысын жүзеге асыру туралы шешім республикалық референдумда қабылданатын болады. Оның нақты мерзімі әлі белгіленген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow