«Бомжсың, юбка киген еркексің»: Атырауда блогерлер балағаттаған күзетші қан қысымы көтеріліп көз жұмды

Марқұмның артында екі ұл, бір қызы қалды.

Тамыз 29, 2024 - 11:20
Тамыз 29, 2024 - 11:22
«Бомжсың, юбка киген еркексің»: Атырауда блогерлер балағаттаған күзетші қан қысымы көтеріліп көз жұмды

Жергілікті блогерлер мемлекеттік мекемеге барып, ішке кірмек болған. Олар мекемедегі өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік тудың жоқтығы жайлы бірқатар заң бұзушылықтарды алға тартқан. Бірақ күзетші оларды турникеттен әрі жібермеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баса-көктеп кірмек болған блогерлер сол жерде күзетшіні «Сен – бомжсың», «Сен кімсің?», «Еркек емессің», «Юбка киген еркексің» деп балағаттап, ауыр сөздер айтқан. Бұл туралы журналист Айнұр Балакешова фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Осыдан соң 56 жастағы күзетші Хаким Иманиязовтың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Ол бірнеше күн ауруханада жатып, көз жұмған.

Мемлекеттік сараптама орталығы блогерлердің үстінен полицияға арыз түсірген. Марқұмның жұбайы да оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүдделі.

Марқұмның артында екі ұл, бір қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow