Жаңатасты су басты: соңғы мәліметтер белгілі болды

Жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400-ден астам нысан мен 47 үй су астында қалды.

Шілде 9, 2024 - 09:39
Шілде 9, 2024 - 09:40
Жаңатасты су басты: соңғы мәліметтер белгілі болды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті, тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алған, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолды су алуына орай жол жабылған.

“Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ халыққа көмек көрсету бойынша жұмыс істеліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерден 231 адам, 53 бірлік техника, 24 мотопомпа мен дрон жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

Қазір су деңгейі төмендеген. Құрбандар мен зардап шеккендер, мал шығыны жоқ.

“Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М.Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды”, – деп қосты ТЖД өкілдері.

Жамбыл облыстық әкімдігі Сарысуда су басудан кейін материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір шығынды зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су соруды жалғастырып жатыр. Барлығы 18 600 м3 су сорылып, жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды. 

“Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д.Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ. Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындалып, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды”, – делінген хабарламада.

"Жаңатас–Саудакент" тасжолы ашық. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow