Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы өлі табылды
Ибрагим бұған дейін 2020 жылы банкир Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Желіде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен ақпараттың рас-өтірігін айтты, деп жазады Zakon.kz.
"Осы факті бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Ибрагим бұған дейін 2020 жылы банкир Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Ол 2023 жылдың қазан айында босап шықты.
БАҚ оның экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы екенін жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?