Сотта Бишімбаевтың Салтанатты тепкілеп, шашынан жұлып жатқан видеосы көрсетілді

Салтанатты бірнеше рет қатты ұрады, тебеді және оны шашынан сүйрейді. Содан кейін оны дәретханаға күштеп апарады.

Сәуір 3, 2024 - 21:31
Сәуір 3, 2024 - 21:32
Сотта Бишімбаевтың Салтанатты тепкілеп, шашынан жұлып жатқан видеосы көрсетілді

Астанада «әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Прокуратураның бастамасымен сот материалдарының видео дәлелдері қарала бастады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл кадрлар көрсетіле бастағанға дейін Салтанат Нүкенованың ағасы залдан шығып кетті.

Сот барысында прокурорлар сот материалдарының видеосын көрсетті.

 Ол Салтанатты бірнеше рет қатты ұрады, тебеді және оны шашынан сүйрейді. Содан кейін оны дәретханаға күштеп апарғаны байқалады. 

"Бейнежазбада Бишімбаевтың қандай күшпен соққылар жасап, қайтыс болған адамды шашынан сүйреп апарып жатқаны айқын көрінеді. Ол артқа кетіп, қайтып оралады және тағы бір рет соққы береді. Оның киімсіз екені анық", - деді прокурорр.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow