Абай облысында жолдан такси тоқтатып мініп кеткен әйелдің денесі табылды

Өлімнің себебі анықталып жатыр.

Маусым 2, 2024 - 22:06
Маусым 3, 2024 - 09:32
Абай облысында жолдан такси тоқтатып мініп кеткен әйелдің денесі табылды
Фото: pexels.com

Семей маңынан бір апта бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл жайында жергілікті abainewskz хабарлады.

26 мамыр сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып Семей қаласына қарай аттанып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың денесі бүгін табылды.

1 маусым күні кешке жақындары жоғалған әйелді табуға ақпараттық көмек сұрап порталға жүгінген. Ал бүгін белгілі болғандай, олар полицияға 2 маусымда ғана хабарласқан екен.

«2 маусымда 102 арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне Ауыл стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмек сұраған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті LIDER еріктілер іздестіру қозғалысынан қайғылы хабар келмей тұрып.

Кейін полиция департаментінің баспасөз қызметі өлімнің себебі анықталып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow