Зеленский қазақ журналистеріне сұхбат бермек

Айта кетейік, Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттік мерзімі ресми түрде биыл 20 мамырда аяқталды.

Мамыр 23, 2024 - 15:59
Мамыр 23, 2024 - 16:12
Зеленский қазақ журналистеріне сұхбат бермек
Фото: Pauliaus Peleckio / BNS nuotr

Жақын күндері Украина президенті Владимир Зеленский қазақстандық басылымдарға сұхбат беретіні туралы ақпарат тарады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Telegram-арналар мәліметінге жақын күндері Украина басшысы қазақстандық Orda.kz және Vlast.kz басылымдарына көлемді сұқбат бермек. 

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенова әлеуметтік желідегі парақшасына пост жариялап, өзінің Украина астанасында жүргенін растады. Әріптесі Тамара Вааль да Киевтен сурет жариялады. 

Украина президенті неліктен қазақстандық журналистерге сұхбат беруді ұйғарғаны белгісіз. Дегенмен Зеленский Украина басшысы қызметіне келгеннен кейін де, Ресеймен арада шиеленіс басталған соң да ірі шетелдік басылымдарға сұхбат беріп жүр.

Айта кетейік, Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттік мерзімі ресми түрде биыл 20 мамырда аяқталды, бірақ елдегі әскери жағдайға байланысты оның өкілеттігі автоматты түрде ұзартылды.

Бұған дейін БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик Зеленский БҰҰ үшін Украинаның көшбасшысы болып қала береді деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский 2019 жылы Украинаның президенті болып сайланды, сол жылы 20 мамырда ол қызметке кірісті. Ол бес жыл мерзімге сайланды, сайлау 2024 жылдың наурызында өтуі керек еді. Алайда елдің Конституциясына сәйкес әскери жағдайда өткізуге тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow