«Күйеуіне «подпевка, подтанцовка» жасағаннан басқа бір әні бар ма?»: Журналист Аида Балаеваға үндеу тастады

Ойпырмай, бізде "тау-тау-тау" деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің-ау...

Мамыр 23, 2024 - 15:41
Мамыр 23, 2024 - 16:14
«Күйеуіне «подпевка, подтанцовка» жасағаннан басқа бір әні бар ма?»: Журналист Аида Балаеваға үндеу тастады

Әнші Бүркіттің әйелі Аиша "Мәдениет саласының үздігі" атанған еді. Осы тұста Аишаны бұл марапатқа лайық көрмейтіндер де табылды. Журналист Сәуле Әбділдаханқызы оны бір әні жоқ деп сынның астына алды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Бүркіт деген әншінің Аиша деген әйелі "Мәдениет саласының үздігі" дейді...)) Ойпырмай, бізде "тау-тау-тау" деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің-ау... не дауысы жоқ... күйеуіне "подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа, бір әні бар ма өзі? Естіпеппін...", - деді журналист.

Белгілі журналист өзі бірнеше жыл бойы мәдениет саласында еңбек етсе де ешнәрсеге қол жеткізбегенін ашынып жазды.

"Өзіміз 20 жастан тек театр, кино, әдебиет, мәдениет саласын шамамыз жеткенше зерттеуге тырыстық, жүздеген мақала жаздық, ондаған, жүздеген бағдарлама түсірдік, магистратураны оқыдық, бір академиялық театрдың тарихын түгендеп магистрлік диссертация жаздық, оны ықшамдап кітап қып шығардық, сол академтеатрға жаңа ғимарат керек деп он жыл қақсап, оған қол жеткіздік... Жүрген жерімізден тек "уволить!" деген бұйрықтан басқа ештеңеге қол жеткізбей, қолымызды бір сілтеп кете бердік... Бес тонна бояу мен бес метр кірпік жапсырып алып, "көл-көл-көл" деп әндетіп, іш майымды бүлкілдетіп, тик-токта бөксе биін билеп жүре беруім керек еді...", деп жазды Сәуле Әбділдаханқызы.

Сонымен қатар, Әбділдаханқызы министр Аида Балаеваға үндеу тастады. Ол мұның бәрі атаққұмарлықтан туындамағанын да ашып жазды.  

"Aida Balayeva , мынау Мәдениет саласына үлкеееен ұят болды... Аишаға қарағанда мен он есе лайықпын ғой, маған берсең, бұлай ұятқа қалмас едің...)( атаққұмарлықтан немесе іштарлықтан айтып отырған жоқпын, елдегі сендер орнатқан әділетсіз жүйеге күйгендіктен айтып отырмын... атағың болмаса, үйімді жекешелендірмейтін топас заңдарыңа ашынғандықтан айтып отырмын...(( әйтпесе, маған десе аспаннан алтын орден жауса да, миығымнан күліп қойып, "Құтты болсын! Жумайсыңдар ма?..." деп отыра берер едім...)".

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow