«Арты цунамиге ұласты»: Тайваньда сұмдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
Цунами қаупі Жапонияға дейін жеткені белгілі болып отыр.
Тайваньнің шығыс жағалауында магнитудасы 3,4 пен 6,5 аралығындағы 20-дан астам жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы аралдың шығыс жағалауында, Хуалянь қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, ошағы 15,5 шақырым тереңдікте болған.
Жергілікті сейсмологтардың мәліметінше, дәл мұндай қуатты жер сілкінісі соңғы 25 жылда болмаған екен. Хуалянь қаласында ғимараттар қирап, Тайбэй аудандарында электр желісі үзіген. Соның салдарынан Тайбэй метросы өз жұмысын тоқтатқан. Артынша аралдың шығысында көшкін жүрді. Айтпай келген апаттан бір адам қаза тауып, 50 адам зардап шеккен.
Жергілікті сейсмологтар жер сілкінісінің арты цунамиге ұласуы мүмкін екенін айтып дабыл қаққан еді. Бұл қауіп расталып цунами қаупі Жапонияға дейін жеткені белгілі болып отыр.
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Окинава префектурасының Миякодзима және Яэяма аудандарында және Окинава негізгі аралында цунами болуы мүмкін екені туралы ескертілді. Содан кейін биіктігі 3 метрлік цунами жаониялық Ёнагуни аралына жетті деген ақпарат тарады. Кейінірек ол Жапонияның Исигаки аралының жағалауына жеткен.
Осыған байланысты Қытайда қауіптің жоғары деңгейін белгіленіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?