Украина қарулы күштері Курск облысында бекініс тұрғызуға кірісті

Украина қарулы күштері шамамен 350 шаршы шақырымды бақылауда ұстап отыр. Көлемі жағынан бұл Харьков қаласының аумағымен пара-пар.

Тамыз 9, 2024 - 10:31
Тамыз 9, 2024 - 10:46
Украина қарулы күштері Курск облысында бекініс тұрғызуға кірісті

Ресейлік "әскери тілшілердің" хабарлауынша, қазір Курск облысында шайқас Курск атом станциясы орналасқан Курчатов қаласынан шамамен 30 шақырым жерде жүріп жатыр. Ал 15 шақырым жерде шамамен 17 мың халқы бар Льгов аудан орталығы бар. Украина қарулы күштері өздерінің бақылауындағы аумақта бекініс тұрғызбақ, деп жазады Азаттық радиосы. 

Ресейлік телеграм-арналардың жазуынша, жергілікті әскер басып алынған аумақтан украин әскерін шығара алмағандықтан Курск облысына Африкадан соғысу тәжірибелері бар ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери жасағы әкелініп жатыр. Украина дереккөздерінің хабарлауынша, 50-ден астам ресейлік солдат тұтқынға берілген, бір бөлігі – әскери борышын өтеп жүргендер.

Түрлі дереккөзге сүйенген The Insider басылымының жазуынша, украин әскері Курск облысына кіргелі бері 11 елді мекенді өз бақылауына алған. Мәселе негізінен шағын елді мекендер жөнінде болып отыр, алайда Украина қарулы күштері шамамен 350 шаршы шақырымды бақылауда ұстап отыр. Көлемі жағынан бұл Харьков қаласының аумағымен пара-пар.

8 тамызда Владимир Путин аймақ губернаторы міндетін атқарушы Алексей Смирновпен онлайн кездесу кезінде Курс облысындағы соғысқа байланысты көшуге мәжбүр болған отбасыларға 10 мың рубль көлемінде көмек берілетінін айтты. Путин сонымен бірге Смирновтың алдында "ерекше міндет" тұрғанын атап өтті.

The Insider басылымының жазуынша, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған аймақ тұрғындарына 400 мың рубль көлемінде бір реттік төлемақы бекітілген.

Курскінің жергілікті телеграм-арналарының хабарлауынша, жергілікті халық эвакуацияда көмек жоғына шағымданып, Ресей билігінің "жағдайды бақылауда ұстап отырмыз" дегені өтірік екенін айтқан.

Соғыстан көбірек зардап шеккен аудан тұрғындары Путинге мәлімдеме жасап, жергілікті билікті жұмыс істеуге және халыққа шынайы ақпарат беруге мәжбүрлеуді талап еткен. Олардың сөзінше, Ресей президентіне қарамағындағылар дұрыс ақпарат бермей отыр.

Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Курск облысын атқылау кезінде 6-8 тамыз аралығында 66 адам зардап шеккенін, 9-ы бала екенін айтты. Министрдің сөзінше, 38 адам ауруханаға түскен.

Украинаның қарулы күштері Ресейдің Курск облысындағы Суджа ауданына 6 тамызда басып кірген. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Курск билігі алты адамның қаза болғанын хабарлаған. Украина жағы Курскідегі оқиғаға ресми түрде түсініктеме бермеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow