Павлодарлықтар құлатуға қимай жүрген Ленин ескерткішін боран қиратып кетті
Қатты дауыл салдарынан шырша құлап, Ленин ескерткішін қиратқан. Ол қалпына келтіруге жарамайды.
Дауыл салдарынан ескерткіш ұсақ бөлшектерге бөлініп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
PavlodarNews сайтының мәліметіне қарағанда, «Балалық шақ» саябағында 7 қарашадан 8 қарашаға қараған түні қатты дауыл салдарынан шырша құлап, Ленин ескерткішін қиратқан. Ол қалпына келтіруге жарамайды.
Лениннің бұл ескерткіші 1928 жылы 1 шілдеде Астана-Толстой көшелерінің қиылысындағы бұрын Казак алаңы деп аталған жерде ашылған.
Ескерткіштің тұрғанына 100 жыл тақап қалған еді. Оның қасында 67 жыл өскен ағаш бұрындары отырғызылған төрт шыршадан аман қалған жалғыз шырша болатын. Қазіргі уақытта құлаған ағашты кесу және тазалау жұмыстары аяқталды. Келесі аптада тұғыр бөлшектеледі. 1928 жылы Араб әрпімен жазылған бірегей жазуы бар тақта сақталады. Алдағы уақытта жұртшылықпен жан-жақты талқыланып, бұл жерде не орналасатыны туралы шешім қабылданатын болады,– деді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Оның айтуынша, соңғы рет ескерткішті қайта құру 2022 жылы жеке инвесторлардың есебінен жүргізілді.
Қазірдің өзінде, біз сол жерде іргетастың жойылғанын көрдік. Яғни негізгі металл корпустың бірнеше ақаулары болған. Сондықтан құрылым ауа райына төтеп бере алмай, осындай жағдай болды,– деді Светлана Гладышева.
Ескерткіш мәдени мұралар мен ескерткіштер тізілімінде көрсетілмеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?