Бишімбаевтың ісін қараған прокурор Айжан Аймағанованың шені өсті
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша елге танылған прокурор Айжан Аймағанованың қызметі көтерілді, деп жазады Stan.kz.
Желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі” сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қаншалықтары мен артықшылықтары туралы айтады.
"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлілік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын”, "Сен барлық жұлдыздарға лайықтысың", – делінген пікірлерде.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанованың жалған парақшасы желіде 20 мыңнан аса жазылушы жинағаны туралы жазған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?