Ұшақ бортында адам көз жұмды
Кейбір дерек көздері адам көз жұмған рейстің «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі екенін айтады.
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында адам қайтыс болды. Желіде тарап жатқан ақпаратқа қарағанда, оқыс оқиға тура ұшақ бортында болған. Осының салдарынан рейстің уақыты төрт рет кешіктірілген, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ал кейбір дерек көздері адам көз жұмған рейстің «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі екенін айтады.
«Ұшақ бортында адам көз жұмды. Осының салдарынан рейс төрт рет кешіктірілді. Сұмдық!» делінген бұл фотодан жолаушылардың расында да «Air Astana» рейсінің ұшу жолағында тұрғанын байқауға болады. Ал суреттің өзі nurkhan.isk есімді қолданушының парақшасында жарияланған.
Осыған байланысты тілшіміз «Air Astana» әуе компаниясының баспасөз хатшысы Тілек Әбдірахмановқа хабарласып көрген. Алайда Әбдірахманов мырза бұл оқиғаға байланысты ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді. Ресми хат жазуы қажет екенін айтып, телефон тұтқасын тастай салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?