Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Жиын барысында федерацияның жаңа президенті қызметіне Шахмұрат Мүтәліп сайланды.

Ақпан 5, 2024 - 12:48
Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының дәстүрлі жиыны өтті, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті қызметіне Кеңес Рақышевтің орнына Шахмұрат Мүтәліп сайланғаны белгілі болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған Шахмұрат Мүтәліп ҚБФ алдында тұрған міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ сенім артқан қауымдастық мүшелеріне алғысын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

"Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, мен Қазақстан боксының одан әрі дамуына, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың мүдделерін қорғауға, ҚБФ-ның ел ішінде және халықаралық деңгейде рөлін арттыруға бар күшімді саламын. Команданың биылғы үлкен ойындардың алдында үлкен мақсаты бар. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті дайындықтарды жалғастырамыз. Бірлесе отырып, отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз".Шахмұрат Мүтәліп

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы, Казцик ауылында дүниеге келген. Азия-Тынық мұхиты университетінің (APU) экономика саласындағы ғылым магистрі, Куала-Лумпур, Малайзия. Кәсіпкер, "Integra Construction KZ" ЖШС иесі. Үйленген, 3 баласы бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow