«Оның шешімін қуана қолдадым»: әнші Айдана Меденова кішкентай қызының хиджаб кигенін сүйіншіледі
Экс-әнші, блогер Айдана Меденова қызының орамалға тағып, хиджаб киюге шешім қабылдағанын айтты.
Caravan.kz медиа порталының жазуынша, блогер бұл жаңалығымен Instagram stories-те бөліскен.
”Қандай әдемі, МашАлла!. Алланың рақымымен Амина өзі хиджаб кигісі келді. Мен әрине, оның шешімін қуана қолдадым”, - дейді ол.
”Басқа елдің балалары ғылым-білім десе, біздікілер хиджаб кигеніне мәз”, “9 жаста тұрмысқа шығуға болады дейді ғой исламда, енді құда түсіп келе бере ме?”, “Мүмкін сектаға кіріп кеткен шығар”, - деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?