«Оны 15 жыл бұрын түсімде көрдім»: Айгүл Иманбаева өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққанын айтты

Тамыз 22, 2024 - 09:27
Тамыз 22, 2024 - 09:31
«Оны 15 жыл бұрын түсімде көрдім»: Айгүл Иманбаева өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққанын айтты

Жақында тұрмысқа шыққан танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысып, мәһрге не сұрағанын айтты. Ол жеке өміріндегі жақсы жаңалықты алғаш рет «Мамский әңгіме» подкасында ресми жариялады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мен күнделік жазамын. Күйеуімнің ойынан бастап, бойына дейін қандай адам болатынын жазып қойғанмын. Дәл сол нәрсе орындалды. «Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар" деп айтатынмын. Сол да орындалайын деп тұр», - деді Иманбаева. 

Әншінің күйеуі шетелде тұрады және жасы өзінен кіші көрінеді. 

«Болашақпен» оқуға кетіп бара жатқанда менің өмірімде ол адам болмады. Англияға барғанда менің ағылшыным өте нашар еді. Айналамдағылар тек ағылшынша сөйлейтін. Ол кезде қайдан жігіт ойлайсың, сабаққа баспен кіріп кеттім. Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші», - дейді ол. 

Тағы оқыңыз: «Орамалың құтты болсын!»: Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты

Өнер  иесі болашақ жарымен қалай танысқанын да жасырмады. 

«Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде «мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім» дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген. Мен журналистика мамандығында оқығанмын. Екінші мамандығы – ІТ саласы. Бірақ Алматыда кездеспеппіз», - деді актриса.

Әншінің сөзінше, ұлы оның бұл таңдауына қарсы болмаған. 

«Жаңа жылды бәріміз Лондонда қарсы алғанбыз. Ұлым мен келінім, оның қызы да келді. Сол кезде ресми баламмен таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, «Мен не істейін» деп ұлыма хабарластым. Менің жалғыз жүргенім оның жанына бататынын сезетінмін. «Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін білетін, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз» деді. Сөйтіп Лондонда некеміз қиылды. Қазіргі тапқан адамым - мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. Күйеуім той жасауға қатысты ойымды сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім», - дейді Айгүл Иманбаева. 

Еске салайық, бұған дейін Ақбота Керімбекованың Айгүл Иманбаеваны орамалымен құттықтағаны туралы жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow