«Түн шайтанның қозатын шағы»: Этнограф түнде қыз ұзатуға болмайтынын айтты (ВИДЕО)

Негізі қазақ әу бастан қызын қондырып, ертесі ұзататын. Түнде ұзату дегенді Шымкент шығарды.

Сәуір 26, 2024 - 16:58
Сәуір 26, 2024 - 16:59
«Түн шайтанның қозатын шағы»: Этнограф түнде қыз ұзатуға болмайтынын айтты (ВИДЕО)
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде этнограф ғалым Серік Ерғалидың қыз ұзатуға қатысты айтқан сөзі тарады. Ол түнде қыз ұзататындарды қатаң сынаған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Түн деген — сайтанның қозатын шағы, жағымсыз энергетиканың қозатын шағы. Оны біздің ата-бабамыз әуелден біліп, бәрін күндіз істеген. Түнгі 12-де қызды ұзатып, өліп-талып алып қашып жатады. Сен неге қызыңды түнде ұзатасың? Алдын неге түнге саласың? Алдын таңға, өрлеп жатқан күнге салу керек. Күнмен бірге өрлеу керек. Қазақ қызды солай ұзатқан», — дейді ол.

800 мыңға жуық қаралым жинаған бұл видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

«Негізі қазақ әу бастан қызын қондырып, ертесі ұзататын. Түнде ұзату дегенді Шымкент шығарды. Содан кейін бәрі соған еліктеп кетті», «Ия, қыздың күндіз өз үйінен шыққаны дұрыс. Қазір үйі жоқ адам ұқсап рестораннан ұзатылады», «Ұзату ғана емес, барлық той-жиын күндіз болу керек», «Қазақ тек күндіз ұзатқан деп қай жерде жазылған? Қазір бәрі аузына келгенін айта беретін болды», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow