Ақтауда 4 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сәуір 26, 2024 - 20:08
Сәуір 26, 2024 - 20:09
Ақтауда 4 жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Фото: Pixabay.com

Жазатайым оқиға 25 сәуір күні кешке 17 шағын ауданда болды. Төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері жазатайым оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында, 17 шағын ауданындағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болғанын хабарлады.

Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

"Бала жарақаттарынан оқиға орнында алған көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow