Ерке Есмахан: басымның битін сатып байып жүрмін

Тамыз 6, 2024 - 11:21
Тамыз 6, 2024 - 11:56
Ерке Есмахан: басымның битін сатып байып жүрмін

Танымал әнші Ерке Есмахан баюдың жолын үйрететін коучтарды келеке ететін жазба жариялады, деп жазады Sadaqmedia.kz әншінің әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

«Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кездер де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке», - деп жазған Ерке Есмаханға оқырмандары түрлі реакция білдірген.

Тағы оқыңыз: «Менің еш кінәм жоқ»: Ерке Есмахан күйеуі Райм туралы жазба жариялады

Тіпті бір оқырманы: «Мен тазалап берейін сізге тегін», деген жауап жазыпты.

Әзілге жақын әнші: «И қасқа, кішкентай кезімде деп жаздым ғой. Тазалап берейін дегені несі, онымен қоймай тегін дей ме? Неге ондайсыздар?», - деп жауап берді.

Тағы оқыңыз: «Арнайы мен үшін ғана тігілген»: Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады

Тағы бір оқырманы битті байлыққа жоритын пікір қалдырыпты. «Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады дейді ғой», деген оқырманына Ерке Есмахан кекесінмен жауап берген.

«Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық коуч ханымдар», - деп сарказмға толы жауап қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow