Астанада жаңа аудан құрылады

Сәуір 26, 2024 - 16:45
Сәуір 26, 2024 - 16:46
Астанада жаңа аудан құрылады
gov.kz

Елордадағы Алматы ауданы екіге бөлініп, қайта құрылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

"Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Тұрғындар талқысына түсетін ұсыныс мынадай:

өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданы (ауданы – 8 518 га);
жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан.

Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Астанада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow