Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Шілде 16, 2024 - 15:43
Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Дүйсенбіде Висконсин штатындағы Милуоки қаласында Республикалық партияның ұлттық конвенциясы Дональд Трампты АҚШ президенттігіне кандидат қылуға ұсынды, деп жазады Азаттық радиосы. 

Трамп биыл күзде өтетін сайлауға вице-президенттікке үміткер ретінде түсуге лайық деп Огайо штатынан шыққан сенатор Джеймс Вэнсті таңдады.

"Джеймс Вэнс вице-президент ретінде Конституциямыз үшін күресті жалғастырады, әскеріміздің жағдайына жауап береді және Американы қайтадан ұлы ел етуге маған көмектесуге қолынан келгеннің бәрін істейді", – деп жазды Трамп өзінің Truth Social желісінде.

Өзіне жасалған қастандық әрекетіне байланысты Дональд Трамп енді АҚШ президенттігіне кандидат номинациясын қабылдауға келісім беретін сөзіне түзету енгізбекші деп хабарлады Reuters агенттігі.

Номинация мәселесі Висконсин штатындағы Милуоки қаласында өтетін төрт күндік республикалық ұлттық конвенцияда қаралмақ. Бейсенбіде Трамп Республикалық партия номинациясын ресми қабылдауы мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп Байденмен арадағы келіспеушілікке байланысты алдын ала жазылған сөздерінің орнына ұлттық бірігуге баса назар аударып жатыр.

Вэнсті АҚШ вице-президенті қызметіне үміткер ретінде таңдағаннан кейін баспасөзде саясаткер туралы ақпараттар жарияланды. Джеймс Вэнс саяси көзқарасынан бөлек, The New York Times газетінің бестселлер тізіміне екі рет енген отбасы туралы мемуар авторы ретінде танымал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow