Зеленский Украина әуе күштеріне қосылған F-16 жойғыш ұшақтарын көрсетті

Бұған дейін Батыс басылымдары Украинаға F-16 ұшағы жетті деп хабарлаған, Киев мұны растамаған еді.

Тамыз 5, 2024 - 10:54
Тамыз 5, 2024 - 10:55
Зеленский Украина әуе күштеріне қосылған F-16 жойғыш ұшақтарын көрсетті

Украина әуе күштеріне жеткен америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын алғаш рет көрсетті. Жаңа ұшақтарды армия қатарына қосу рәсіміне Украина президенті Владимир Зеленский қатысты. Бұған дейін Батыс басылымдары Украинаға F-16 ұшағы жетті деп хабарлаған, Киев мұны растамаған еді, деп жазады Азаттық радиосы. 

Жойғыш ұшақтарды 4 тамыз Украинаның әуе күштері күні мерекесінде көрсетті деп хабарлады Азаттық радиосының Украин қызметі. Зеленский Киевтің қару-жарағына Батыс ұшақтарының қосылғаны елдің әскери авиациясын дамытудағы жаңа кезең деп атады.

Украинада соғыс басталғалы бері Киев Батыс елдерінен советтік МиГ-29 бен Су-25 ұшақтарын алған. Бірақ олар басында Батыста шыққан техниканы сұраған еді. 2023 жылы АҚШ келісімін алған бірнеше ел Киевке осындай ұшақтар беруді шешті.

Киев алған уәдеге сәйкес, Украинаға америкалық жойғыш ұшақтың 79 данасы жетуі керек. Қазіргі ақпараттар бойынша, Украина оның алты немесе он данасын алған. Батыс елдері Украина ұшқыштары мен техниктерін арнайы оқытқан, АҚШ Киев алған ұшақтарға жаңа зымырандар, бомбалар мен басқа да қару-жарақ жеткізуді жоспарлап отыр.Украина билігі жариялаған суреттерде F-16 ұшақтарында AIM-9 Sidewinder, AIM-120 AMRAAM ракеталары мен жанармай бактары тұр.

Бұл ұшақтар Украинаға ресейлік ракеталарды ұстап алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Бұған дейін желіде Киев осы ұшақтарды қолданды деген хабар тараған. Жексенбі, 4 тамызда Зеленский бұл ақпаратты растады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow