«Қасына түнеген адам күйші болып оянады»: Абай өлкесінде сыңғырлап үн шығаратын тастар табылды

Кезінде осында Күйші Дина, Нұрғиса Тілендиевтер түнеп кеткен екен.

Шілде 16, 2024 - 15:24
Шілде 16, 2024 - 15:25
«Қасына түнеген адам күйші болып оянады»: Абай өлкесінде сыңғырлап үн шығаратын тастар табылды

Қойнауы сырға толы қазақ даласында не жоқ дейсіз, бірақ ұрсаң сыңғырлап үн шығаратын қоңырау тас бар дегенді естіп пе едіңіз? Желіде Семей өңіріндегі Абай өлкесінде түсірілді делінген видео жүр. Жазбадан расында да үлкен қойтастардың түртіп қалсаң, сыңғырлап сан түрлі үн шығаратынын байқауға болады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Шыңғыстаудың бойындағы ескі қыстаулардың біріндегі  жалпақ қара тастардың құпиясы әлі ашылмаған. Өздері «қоңырау тастар» деп атайтын бұл орынды жергілікті тұрғындар да сырт көзге көрсете бермейді екен. Себебі, тасты көреміз деп барғандарымен ертесінде келіп, тасып әкетуі мүмкін деп қорқады.

Жақпар тастардың мұндай дыбыстарды қалай шығаратын жергілікті тұрғындар да білмейді. Тастардың құрамында металл көп дейтін пікірлер бар. Сондай-ақ, бұл құбылыстарды параллель өмірмен, мистикамен байланыстырып жататындар да бар.

Қысқасы, «қоңырау тастар» күні бүгінге дейін ғалымдар жауабын таба алмаған ерекше табиғи құбылыс болып отыр. Мұндай тастар Ресейдің Карелия аумағы, АҚШ-тың Пенсильвания штаты және Иордания секілді бірнеше өңірде ғана бар екен.

Желі қолданушылары да елімізде мұндай ғажайып тастардың барын білмегендерін жазған.  «Тастың жанына түнеген адам күйші болып кетеді екен деп аңыз шығарып, кезінде осында Күйші Дина, Нұрғиса Тілендиевтер түнеп кеткен екен деп өсек таратса, нағыз туристік орынға айналады ғой», деп жазған Әзіз Жұмаділ есімді желі қолданушысы. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow