Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болған

Олар Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен Украина әскери барлауының жетекшісі Кирилл Будановты да өлтірмек болған.

Мамыр 10, 2024 - 12:56
Мамыр 10, 2024 - 12:57
Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болған
ptoday.ru

Украина қауіпсіздік қызметі Мемлекеттік күзет басқармасының екі қызметкері Президент Владимир Зеленскийге қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Арнайы қызметтің мақсатына Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен Украина әскери барлауының жетекшісі Кирилл Буданов та болғаны айтылады.

Хабарламаға сай, генерал барады деген үйге ракеталық соққы, кейін дронмен соққы және тағы бір рет ракетамен соққы жасалуы керек болған.

Украина қауіпсіздік қызметі "күдікке ілінген екі адам Зеленскийді кепілге алып, кейін өлтіретін әскерилерді де табуы керек болған" деп мәлімдеді.

Мемлекеттік күзет басқармасы президентті, жоғары лауазымды тұлғаларды қорғаумен айналысады. Бұл арнайы қызмет тікелей президентке бағынады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow