«Декреттегі аналарға тиісе бермейік»: инвестор бала күтіміндегі аналарды арбап курс сататындарға қарсы шықты (ВИДЕО)

Шілде 16, 2024 - 16:16
Шілде 16, 2024 - 16:17
«Декреттегі аналарға тиісе бермейік»: инвестор бала күтіміндегі аналарды арбап курс сататындарға қарсы шықты (ВИДЕО)

Жеке қаржыны басқару бойынша консультант, қор нарығында инвестор Еркебұлан Әріпбай декреттегі аналарға манипуляция жасап, оларға курс сататын блогерлерге қарсы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ана болу, декретте отыру - оңай шаруа емес. Курс сату үшін оларға манипуляцияны  жасамайық. Декреттегі аналарға тиісетіндер көп болып кетті. «Декретте түк бітірмей отырсың ба, онда мобилографияны үйрен де, күйеуіңе ақша тауып көмектес, декретте түк бітірмей отырсың ба, Қытаймен бизнес істе» дейді оларға. Мен өзімнің мысалымды айтайын, менің әйелім екі жыл декретте отыр. Екі жылдың ішінде атқарған жұмысы өте қиын. Баланың киімі бар, тамағы бар, оны ойнатады, өсіреді, тәрбиелейді. Түнде төрт рет оянады, күндіз қасынан шықпайды. Үйге келгенде маған жақсы әйел, туысқа жақсы келін болуы керек. Осының бәрін бір адам 24/7 істейді», - дейді ол.

Әріпбай әйелдердің өзге жұмыста ондай қызмет атқармайтынын, демалысы болатынын айтты.

«Ал телефонын қолға алса, декретте түк бітірмей отырсаң, осыны істе деген жарнамалар қаптайды. Декреттегі аналарға тиісе бермеңіздерші. Олар түк бітімей отырған жоқ. Олар бізден маңыздырақ жұмыс жасап жатыр», - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебұлан Әріпбай (@yerkintd)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow