«Төсектес қыз керек болса, зорламай-ақ келеді»: Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын», - дейді Тұраров.
Еске салсақ, әлеуметтікt желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Дереккөз оқиғаның 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болғанын хабарлаған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түседі. 28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. Алматы полициясы да бұл оқиғаны растаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?